
Каспий теңізінің іргелес жағалауы мен Жайық өзенінің атырауы биоалуантүрлілікке бай болып табылады, мұнда құстың 292 түрі тіркелген, оның 110 түрі ұя салады, 76 түрі қыстайды, 106 түрі қоныс аудару кезінде ұшып өтеді.
«Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерваты көктемгі және күзгі көші-қон кезінде құстардың мекендеуіне, ұя салуына және демалуына қажетті жағдай жасайтын сулы-батпақты жерлерді алып жатыр. Шалыга аралы - Каспий теңізі мен «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерваты территориясының аралық аймағында, Атырау қаласы мен Қашаған мұнай кеніші зауыты арасындағы жолда орналасқан. Шалыга аралының жалпы аумағы шамамен 2,6 га құрайды. Ақ шаңқай құстар айлағы, барлық жағалауы да асты қайраң, керемет жағажайлы арал, жағаға бұйралана келіп соғып жатқан толқындар көз жауын алады.
Шалыга – құстардың бірнеше түрінің ұя салатын жері, жалпы резерват аумағында құстың 36 түрі Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгізілген. Олардың кейбіреулері осы аймақта көбейеді яғни ұя салады, атап айтқанда: қызғылт және бұйра бірқазан (Pelicanus crispus; VU), қылаң қарабас шағала (Larus ichthyaetus). Зерттеу барысында көптеген колониялар табылды.
Олардың ішінде:
Қылаң қарабас шағала-5,5 мың жұп,
Өгіз шағала-4 мың жұп,
Үлкен суқұзғын-1,5 мың жұп,
Бұйра және қызғылт бірқазан-200 жұп.
Сонымен қатар өзен қарқылдағы. теңіз шағаласы құстары да ұя салуда. Айта кетерлік жағдай, теңіз суының тартылып, аралдың аумағының ұлғаюы құстардың ұя салуының көбеюіне әсерін тигізуде.