
Гульмира Нуралиевна 1971 жылы Алматы облысы Шонжы ауылында дүниеге келген.
І.Жансүгіров атындағы Талдықорған педагогикалық институтын мектепке дейінгі педагогика және психология мамандығы бойынша, Ш.Уалиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетін орман ресурстары және орман шаруашылығы мамандықтары бойынша тәмәмдаған.
Еңбек жолын 2006 жылы Шарын МҰТП хатшы референт қызметінен бастап, әр жылдары ЭА және туризм бөлімінің экологиялық ағарту маманы, осы бөлімнің басшысы сонымен қатар Шарын МҰТП директорының ғылым және туризм бойынша орынбасары қызметтерін атқарды.