
Аталмыш жануар «Жоңғар-Алатауы» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде орнатылған фототұзаққа жарты жылда 9 рет іліккен.
Түркістан сілеусіні, кәдімгі сілеусіннің түршесі, негізінен таулы аймақтар мен орман алқаптарында мекендейді. Бұл жануар Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген. Оны аулауға 1976 жылдан бастап тыйым салынған.