Неліктен киік санағы көктемде жүргізіледі?

Неліктен киік санағы көктемде жүргізіледі?

Бұл жануарларды санау қар ери сала басталады. Бұл уақытта ақбөкендердің жүнінің ақ түсті болуы, оларды қара жерде анық көруге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, осы уақытта киіктердің қыстау аймақтарынан солтүстіктен қоныс аударуы басталып, жануарлардың таралуы салыстырмалы түрде аз аумақты қамтиды.

Егер санақ жаз уақытында жүргізілетін болса, бұл артықшылықтар болмайтын еді, сондай-ақ киіктердің жазда жер бетімен, күнге күйген өсімдіктермен түстес болып кетуі санақты қиындатады. Онымен қоса жазда киіктердің таралу аймағы, көктеммен салыстырғанда бірнеше есе көп. Қыз мезгілінде таралу аймағы аса үлкен болмағанымен ақ қарда ақбөкендерді санау жүнінің түсіне орай қиынға соғады.

Сол себептен, киік санағы 15 сәуір мен 30 сәуір аралығында жүргізіледі.