Киік санағында тікұшақтың оңтайлы жылдамдығы 150 км/сағ

Киік санағында тікұшақтың оңтайлы жылдамдығы 150 км/сағ

Тікұшақтарда кемінде 3 есеп жүргізушіден болады – біреуі пилоттық кабинада, екеуі борттың оң және сол жағында отырады, алайда қажет болған жағдайда, екі есеп жүргізуші ғана болуы да мүмкін. Әуе -кемесінде отын қоры 7-8 сағатқа жетеді, есепке алу кезеңінде оңтайлы ұшу жылдамдығы 150 км/сағ. Ұшу биіктігі жер бетінен 100 – 150 метрден аспайды.

Борттық есеп жүргізушілерге блокноттар мен қаламдар (кездескен жануарларды жазу үшін) немесе оларды алмастыратын портативті магнитофондар, сағаттар (кездесу уақытын тіркеу үшін), фотоаппарат (саны үлкен табындарды түсіру үшін), бинокльдер (сексеуіл арасныдағы жануарларды көру мақсатында, сондай-ақ жануарлардың санынан бөлек жынысы мен жасын анықтау үшін).

Сонымен қатар, пилоттық кабинадағы есеп жүргізушіге ұшу маршруттарын белгілеу үшін 1: 1000000 немесе 1:500000 масштабты топографиялық карта болуы қажет.