Алматы облысында қар барыстары фототұзаққа ілікті

Алматы облысында қар барыстары фототұзаққа ілікті

Аталмыш жыртқыштар «Көлсай көлдері» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде орнатылған фототұзаққа түсіп қалған. Соңғы мәліметтерге сәйкес, елімізде шамамен 140-180 қар барысы бар. Сирек кездесетін жануар 1978 жылы Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген.

Естеріңізге сала кетейік, Қызыл кітапқа енген жануарларды заңсыз аулаған жағдайда мүлкі тәркілеп, 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.