ОРМАН ШАРУАШЫЛЫҒЫНДАҒЫ ӘЙЕЛДЕРДІҢ ЖОҒАРҒЫ НӘТИЖЕЛЕРІ ЖАЙЫНДА

ОРМАН ШАРУАШЫЛЫҒЫНДАҒЫ ӘЙЕЛДЕРДІҢ ЖОҒАРҒЫ НӘТИЖЕЛЕРІ ЖАЙЫНДА

        Орман шаруашылығында көбіне ер адамдар қызмет етеді. Алайда, қиындығы мен қызығы қатар жүретін жұмыста, нәзік жандылар да бар. Олар жайлы Халықаралық әйелдер күні қарсаңында баяндайтын боламыз.

        Ең алғышқы кейіпкеріміз – Нұрсұлу Хабрашитқызы. 1987 жылы Бөкебай орман шаруашылығының Ромаданов орманшылығындағы Сібір технологиялық институтын тәмәмдап, алғаш рет орман шебері болып қызметке кірісті.  Бұл жылдар орман шаруашылығы саласы үшін қиын, тұрақсыздық орын алған уақыт еді. Салада ұзақ жылдар бойы қызмет еткен Нұрсұлу Хабрашитқызы тек қана шебер болған жоқ, 88 жылы автотрактор паркінің нормалаушысы қызметін атқарса, тіпті экономистті ауыстыруға тура келген кезеңдер болған.

         1994 жылдан 1999 жылға дейін «Семей орманы» резерватының Бөкебай,  Ромадановский орманшылықтарында орманшының көмекшісі болды, кейін Шадрухин орманшылығында орман шебері қызметін атқарды. Аталмыш питомник құрылғалы бері жұмысшылар бригадасының құрамында 10 жылдан астам уақыт оның басшысы болды. Орман питомнигінің өндірістік-шаруашылық қызметінің басшысы ретінде, орман отырғызу материалын өсіру бойынша перспективалық өндірістік және ағымдағы жоспарларын әзірледі. Жұмыстың жоспарға сәйкес, белгіленген уақытта сауатты орындалуын қаматамасыз етті, питомниктің жұмыс тобын құруға, қажетті отырғызу материалдарын есептеп, жұмысты бір сарынға қоюға да еңбегі сіңді.

             Питомниктегі жұмыс маусымы аяқтала сала, қарағай бүршігін жинау, оларды өңдеу және кептіру жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыруға кірісетін. Осы процесстердің арқасында көктемгі ағаш отырғызу кезеңінде питомникке сапалы отырғызу материалдары әзірленеді.

            2014 жылы Нұрсұлу Хабрашитқызы «Семей орманы» резерватының Бөкебаев филиалына орман шаруашылығы инженері болып тағайындалды. Әріптестерінің сөзінше, жұмыстың алғашқы күндерінен бастап-ақ, маман өз ісінің шебері екенін дәлелді, тұрақты мінезі мен шыдамдылығы арқылы көзге түсті. Өз үйінен бірнеше шақырым жерлерге шығып, ағаш отырғызу жұмыстарымен айналысты, сол бойынша нақты есеп беріп, құжаттаманы жылдам әзірлейтін. Орман шаруашылығы саласының көптеген қиындықтарына шыдаған жан. Жыл сайын Нұрсұлу Хабрашитқызының басшылығымен жоспар әзірленіп, «Парктер шеруі» халықаралық табиғат қорғау акциясы өткізіледі. Бекітілген жобалық тапсырмаларға сәйкес алдағы кезеңдерге арналған кесу жоспарларының жобалары жасалады, кеспеағаштарды бөлу кезектілігі айқындалады, ол кеспеағаш жұмыстарын жүргізу кезінде орман шаруашылығы талаптарының сақталуын қадағалайды, орман шығыны, орман қоры, ағаш кесу туралы есеп кітаптарын тексереді. Кеспеағаш қоры мен орман өнімдерін түгендеуге қатысады.

             Нұрсұлу Хабрашитқызы сарқылмас күш-жігерімен өзі таңдаған мамандықтың үздігі болып, онымен қоймай әрдайым айналасындағыларды біріктіріп жүреді. Жұмысының қиындығына қарамай, әрдайым көңілі ашық, жанашыр жан, ең алдымен әйел заты. Әріптестерінің ортасында сыйлы болуының сыры осы шығар. Нұрсұлу Хабрашитқызының орман шаруашылығының дамуына, Ертіс өңірінің реликті қарағайлы орманын сақтауға және молайтуға қосқан үлесі зор.

             Мойындау керек, бұл мамандықтың әйел адамның қолынан келе бермейтін қиындықтары бар. Оған қарамастан, біздің алғашқы кейіпкер осы жолды таңдап, өз жетістіктерін Қазақстанның орман шаруашылығымен байланыстырды.