
Ағымдағы жылдың 28 ақпанынан 1 наурызына дейін жабайы жануарлардың қоныс аударатын түрлерін сақтау жөніндегі Конвенция Хатшылығымен «Қазақстандағы киіктерге қатысты, адам мен жабайы жануарлар арасындағы қиындықтарды шешу нұсқаларын айқындау» тақырыбында онлайн форматта Консультативтік кеңестің бірінші бөлігі өтті.
Оған ұлттық және халықаралық сарапшылар – Халықаралық табиғатты қорғау одағы (ХТҚО/IUCN), Франкфурт зоологиялық қоғамы, Оксфорд университеті, ақбөкенді сақтау Альянсы, Швеция жер пайдалану университеті (SLU), жабайы табиғатты қорғау жөніндегі кеңес (CIC Wildlife), құстарды қорғау корольдік қоғамы (RSPB), Батыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы құрылымдары өкілдері қатысты.
Кеңес барысында ақбөкендер санының өсуіне байланысты проблемалық мәселелер айтылып, сарапшылар мен ауыл шаруашылығы құрылымдарының пікірлері тыңдалды.
Консультативтік Кеңестің қорытынды бөлігін ағымдағы жылдың мамыр айында қхалықаралық сарапшылармен бірлесіп, Қазақстандағы ақбөкендердің мекендейтін ареалдарына барып, офлайн режимде өткізу жоспарланып отыр. Оның нәтижесінде еліміздегі ақбөкендер популяциясын басқару жөнінде ұсыныстар әзірленетін болады.