Абай облысында браконьерлер ұсталды

Абай облысында браконьерлер ұсталды

28 ақпан күні Абай облысы бойынша облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының мамандары Бесқарағай ауданы полиция бөлімінің қызметкерлерімен бірлесіп «Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерваты  РММ-нің Бөкебаев филиалы Шадруха орманшылығы аумағында қабан аулау фактісін анықтады. 2  бас аң заңсыз ауланған.

Аталған факт бойынша ҚР ҚК 337-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу шаралары жүргізілуде.