Солтүстік Қазақстан облысында браконьерлер ұсталды

Солтүстік Қазақстан облысында браконьерлер ұсталды

Бүгін полиция қызметкерлері Солтүстік Қазақстан облысындағы Мамлют полиция бекетінде РФ есебіне қойылған ВАЗ-2115 автокөлігін тоқатты, ішінде Қазақстан Республикасының 4 азаматы болған. Автокөлікті тексеру барысында 2 аңшылық қару (моделі мен маркасы белгіленуде), сондай-ақ көліктің жүк салу бөлімінен 4 сібір елігінің ұшасы табылды.

Аталған факт бойынша ҚР ҚК 337-бабы 3-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды, тергеу амалдары жүргізілуде.