Жергілікті атқарушы органдардың "Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы " Заңын іске асыру барысы туралы

Жергілікті атқарушы органдардың "Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы " Заңын іске асыру барысы туралы

2023 жылдың 17 ақпан күні Экология және табиғи ресурстар вице-министрі Н.Қ.Шәрбиевтің төрағалығымен жергілікті атқарушы органдардың "Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы" ҚР Заңын іске асыру барысы жөнінде кеңес өтті. Оған ауыл шаруашылығы және ішкі істер министрліктері мен ЖАО өкілдері қатысты.

Жиын қорытындысы бойынша облыстар мен Республикалық маңызы бар қалалардың әкімдіктеріне Заң нормаларын тиімді іске асыру мақсатында Министрлікке ұсыныстар жіберу ұсынылды. Сонымен қатар, зооқорғау ұйымдарын тарта отырып,  жануарларға жауапкершілікпен қарау бойынша халық арасында түсіндірме жұмыстарын күшейту қажеттілігі айтылды.