Ақмола облысы тұрғынынан 2 киік ұшасы тәркіленді

Ақмола облысы тұрғынынан 2 киік ұшасы тәркіленді

Ағымдағы жылдың 15 ақпан күні «Охотзоопром» ӨБ» РМҚК инспекторлары мен Ақмола облысы Целиноград аудандық полиция бөлімі қызметкерлерімен бірлескен рейдтік іс-шара жүргізу барысында Ақмола облысы Целиноград ауданы Новоишимовка ауылының 1979 жылғы жергілікті тұрғынының ауласынан 2 дана киік ұшасы табылды.

Аталған факт бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Естеріңізге сала кетейік, ҚР ҚК 339 бабы 1-1 тармағына сәйкес, киікті заңсыз қолға түсіру, жою, сонымен қатар заңсыз қолға түсірілген киікті немесе оның дериваттарын иемдену, сақтау, өткізу, әкелу, әкету, жөнелту, тасымалдағаны үшін 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру қарастырылған.