Браконьерлер ұсталды

Браконьерлер ұсталды

Ақтөбе облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының мемлекеттік инспекторларымен, Ақтөбе облысының ПД ЖПҚБ табиғатты қорғау полиция қызметкерлері және қорықшылық қызметтің бірлесіп жүргізген табиғат қорғау іс-шаралары барысында 2023 жылдың 8 ақпан күні сағат 22.00 шамасында Ақтөбе облысы Мәртөк ауданы Қаратоғай ауылы  маңында «Елдос» шаруа қожалығының аумағынан заңсыз аңшылық жасау күдігімен 1975 және 1969 жылы туған  Ақтөбе облысының екі азаматы ұсталды.

          Мәртөк АПБ-нің жедел тергеу тобы шақыртылып, аталған аумаққа тінту шаралар жүргізу кезінде 1 дана 12 калибірлі дара ауызды тіркелмеген аңшы мылтығы, 12 калибірлі 12 дана оғымен патронтаж, екі пышақ, 5 тері, 36 бөлікке бөлінген ет, 1 қапшық аңдардың іш құрлысы, сібір елігінің 2 ұшасы (туша) және 1 бірлік қарда жүретін «Ямаха» маркалы шанасы анықталып, айғақ зат ретінде алынды.

          Осы дерек бойынша Мәртөк ауданы ПБ-мен Қазақстан Республикасының ҚК 337 бабы 3 бөлігімен   2023 жылдың 9 ақпанда қылмыстық ісі тіркелді.

Қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізілуде.