
24 қаңтар «Сапсан» жедел тобы қызметкерлері рейдтік іс-шаралары барысында Ұлытау облысы Қаражал қаласынан 1980 жылғы азаматтың жүргізуінде болған «Нива» маркалы автокөлік тоқтатылды. Жүргізушіден бөлек көлікте 2 азамат болған. Тексеру барысында автокөліктің жүк салғышынан 5 бас киік жануарының ұшасы, 16-шы колибрлі тегіс ұңғылы бір ауызды аңшылық мылтық, 1 дана пышақ тәркіленді.
Аталған факт бойынша қылмыстық іс қозғалды.