
«Аса құнды орман алқаптары» қорғанысының санатына ие «Ертіс орманы» табиғи резерваты 2003 жылғы 22 қаңтарда Шалдай және Бесқарағай орман шаруашылықтарының бірігуінен құрылған.
Бүгінде «Ертіс орманы» табиғи резерватының Орман алқабы бірегей реликті орман мәртебесіне ие— Шарбақты және Аққулы аудандарындағы 277961 гектар аумақты алып жатыр, оның ішінде 160538 гектар орманмен жабылған.
Әкімшілік-шаруашылық жағынан орман резерваты Шалдай және Бесқарағай филиалдарына бөлінген, 16 орманшылығы бар.
20 жыл ішінде табиғи резерват ұжымы 41510 гектар алқапта орман қалпына келтіру және орман өсіру жұмыстарын жүргізді. Табиғи резерват орманшылары 1438 тонна қарағай бүршіктерін жинап, олардан 14376 кг І кластағы тұқымдар алынды. Стандартты отырғызу материалын өсіру үшін жалпы ауданы 57 гектар 2 тұрақты орман тұқымбағы жұмыс істейді. Жыл сайын резерват 16 миллионнан астам стандартты отырғызу материалын өсіреді.
2003 жылы резерват аумағында өсімдіктердің 84 түрі болса, 20 жылғы ғылыми зерттеу жұмыстарының нәтижесінде өсімдіктердің 226 түрі анықталды. Қызыл кітапқа енгізілген жануарлар мен құстардың 7 түрі резерват ормандарында мекендейді. 2022 жылғы санақ қортыныдысы бойынша резерват аумағында Бұланның саны 55 дарақтан 190 дараққа, еліктердің дарағы 190 нан 690 ға дейін өсті.
Табиғи резерватта туристтерге зиярат ету сипатындағы «Ғабдұл Уахит Хазірет» туристтік маршруты, «Орман батыры» 3 ғасырдың ағашы, «Колчак үйіндісі», Орман тұқымбағы объектілерімен өтетін «Өз өлкеңді таны» туристтік маршруты, «Қарағай алаңы қонақ үйі» жұмыс жасайды.
Табиғи резерват мақтаныштары- отбасылық орманшылар ұрпақтарының сабақтастығы болып табылатын 100-ден астам орманышлар еңбек әулеттері. Әр еңбек әулетінің орман шаруашылығындағы еңбек өтілі 100 жылдан асып жығылады.