
Қарағанды облысы Жаңарқа ауданына қарасты станциялар “Атасу”, “Жомарт”, “Манадыр”, “Қызылжар” және “Түйемойнақ” елді мекені мағындағы темір жол бойына шарбақпен (сетка) қоршаулар қойылған. Бұл 418 км.болатын Жарық-Жезқазған теміржол учаскесі аралығы.
Аталған аумақ ежелден киіктердің миграциялық аумағына кіреді. Құрылған қоршау салдарынан жануарлар қыстау жерлеріне өте алмаған.
Сол себепті “Охотзоопром” ӨБ РМҚК, Ұлытау облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясымен бірлесе, “Қазақстан темір жолы” ҰК” АҚ қызметкерлері көмегімен киік жолы ашылды.