
Республикалық шара жылына екі рет жүргізіледі – киіктердің күйлеу кезеңінде, яғни 1 желтоқсаннан 31 желтоқсанға дейін және олардың төлдеу кезеңінде - 15 сәуір мен 15 мамыр аралығында.
Оған облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекция қызметкерлері, "Охотзоопром" ӨБ" РМҚК инспекторлары және құқық қорғау органдарынан жасақталған 114 мобильді топ, 149 автокөлік және 319 жеке құрам жұмылдырылды.
2022 жылы барлығы 215 рейдтік іс-шара өткізіліп, нәтижесінде 12 қылмыстық, 44 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Заң бұзушылардан 89 дана киік мүйізі, 14 – тегіс ұңғылы мылтық, 3-мотоцикл, 2 киік ұшасы тәркіленді.
Естеріңізге сала кетейік, кең ауқымды «Киік» акциясы ақбөкендерді заңсыз аулау фактілерін анықтау және алдын алу мақсатында жүргізілетін жыл сайынға шара.