
Орман өртінің 211 жағдайында ТЖМ күштері мен құралдары тартылды.
Өрт жағдайларын уақтылы хабардар етпегені және жасырғаны, сондай-ақ ірі орман өрттеріне жол бергені үшін қызметтік тексеру қорытындылары бойынша мемлекеттік орман күзетінің 71 қызметкері тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Өрт қауіпсіздігі қағидаларының 353 бұзу фактісі анықталып, орман өрттерінің пайда болуына 10 кінәлі тұлға жауапкершілікке тартылды.
Орман өрттерін шағын аумақтарда анықтау және жою мақсатында «Қазавиаорманқорғау» РМҚК күшімен республиканың 10 облысында 8,9 млн. гектар алқапта авиациямен қарауылдау жұмыстары жүргізілді.
Орман өрттерінің алдын алу мақсатында:
7,1 мың км көлемінде минералдандырылған жолақтар салынды;
220,4 мың км көлеміндегі қолданыстағы жолақтардға күтім жасалды;
6122 дана өртке қарсы тақырыпқа аншлаг орнатылып жаңартылды;
орман қорына іргелес ауыл шаруашылығы өндірушілеріне 11 287ұйғарым мен хабарлама берілді;
86,2 мың дана үнпарақ таратылды;
ұйымдар мен оқу орындарында, сондай-ақ орман алқаптарында демалушыларына 9795 семинар, дәрістер мен әңгімелесулер өткізілді;
Бұқаралық ақпарат құралдарында 120 сөз сөйленіп;
газет-журналдарда 1408 мақала жарияланды.
Қазіргі уақытта Министрлікпен орман шарушылығы қызметкерлерінің жалақысын көтеретін, сонымен қатар, материалдық-техникалық базасын нығайтатын Жол картасы әзірленіп, іске асырылуда.