Астанада үйрек атқан браконьер құрықталды

Астанада үйрек атқан браконьер құрықталды

Ағымдағы жылдың 5 қаңтар күні Instagram әлеуметтік желісінде ЖЭО маңындағы су қоймасында орын алған браконьерлік факт туралы бейнежазба тараған болатын.

Қазіргі таңда бейнежазбада көрсетілген бір адам ұсталды, ол Астана қаласының тұрғыны. Табиғат қорғау заңнамасын бұзған екінші адамның жеке басы анықталуды. Құқық қорғау органдары екі азаматқа қатысты процессуалдық шешім шығаратын болады.

Естеріңізге сала кетейік, Ақмола облысында үйрек аулау мерзімі тамыздың соңғы сенбісі мен 30 қараша аралығында жүргізіледі.