
Ағымдағы жылдың 11 желтоқсан күні Батыс Қазақстан облысы, Казталов ауданы, Көктерек ауылдық округіне қарасты Сарыөзен өзенінен 21 дана (14 аталық, 7 аналық) киік жануарының тушасы табылды.
"Охотзоопром" ӨБ" РМҚК инспекторлары, "Бөкейорда" резерватының қызметкерлері, құқық қорғау органдарының өкілдерімен қатар, ветеринардың қатысуымен киік тушалары мұздан шығарылды.
Оқиға орнында акт толтырылып, оған сәйкес 21 туша мал моласында өртеу әдісімен жойылды.