1 желтоқсаннан бастап елімізде қылқан жапырақты ағаштарды қорғау акциясы басталды

1 желтоқсаннан бастап елімізде қылқан жапырақты ағаштарды қорғау акциясы басталды

Қылқан жапырақты ағаштарды заңсыз кесу фактілерінің алдын алу және жолын кесу мақсатында жыл сайын ҚР ЭГТРМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті "Жаңа жыл қарсаңында қылқан жапырақты ағаштарды қорғауды күшейту туралы" бұйрық шығарады.
Осы бұйрыққа сәйкес облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының, ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың, мемлекеттік орман шаруашылығы мекемелерінің қызметкерлері облыстар мен аудандардың әкімдіктерімен бірлесіп, қылқан жапырақты екпелер басым орман учаскелерін патрульдеу маршруттарын әзірлейді.
Ол бойынша құқық қорғау органдарымен бірлескен рейдтік іс-шаралар жүргізіледі.

Естеріңізге сала кетейік, жаңа жыл алдындағы кезеңде (қараша-желтоқсан айлары) қылқан жапырақты ағаштардың бір данасына залал келтірген 15 АЕК (45 945 тг.), сондай-ақ құқық бұзушыға ҚР ӘҚБтК-нің 381-1-бабына сәйкес 150 АЕК (459 450 тг.) мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынады.).