
Ағымдағы жылдың 6 желтоқсанында Прага қаласының (Чехия) және Братислава (Словакия) хайуанаттар бағының, сонымен қатар Дүниежүзілік жабайы табиғат қоры WWF өкілдерінің қатысуымен ZOOM қосымшасы арқылы кездесу өтті. Жиында Пржевальский жылқысын Қазақстанға жерсіндіру мәселесі талқыланды.
Қазақстан тарапынан аталмыш кездесуге Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасының орынбасары Д.Тұрғамбаев, ҚР БҒМ ҒК "Зоология институты" және Қазақстандық биоәртүрлілікті сақтау қауымдастығының өкілдері қатысты.
Басты талқыланған тақырып – Пржевальский жылқысын реинтродукциялау жобасы, сонымен қатар жануардың жерсінуін одан әрі сүйемелдеу мәселелері.
Жиын соңында Д. Тұрғамбаев тараптарға алғысын білдіріп, Комитет ынтымақтастыққа дайын екенін атап өтті.