Мемлекет басшысы «ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне экологиялық бұзушылықтар және вандализм көріністері үшін әкімшілік жауаптылықты күшейту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» және «ҚР Қылмыстық және Қылмыстық-процестік кодекстеріне экологиялық құқық бұзушылықтар және вандализм көріністері үшін жауаптылықты күшейту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңдарға қол қойды.

Аталған Заңдарға аясында ұлттық парктерді және басқа да табиғи байлықтарды қорғау мақсатында келесідей өзгерістер мен толықтырулар енгізу көзделеді:
Заң жобасының нормаларымен Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне:
- кеспеағаш қорын пайдаланудың, сүректі дайындау мен әкетудің, шайыр мен ағаш шырындарын, қосалқы орман материалдарын дайындаудың белгіленген тәртібін бұзғаны;
- шабындықтар мен жайылымдық жерлердің зақымдануы, сондай-ақ орман қоры жерлерінде заңсыз шөп шабу және мал жаю, дәрілік өсімдіктер мен техникалық шикізат жинағаны;
- орман фаунасын жою немесе бүлдіргені, сондай-ақ орман қорының жерлеріне зақым келтіру, қалдықтармен, химиялық заттармен орманды бітеу және өзге де залал келтіргені;
- жеке тұлғалардың ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жекелеген түрлерінде болу тәртібін бұзғаны;
- кесу орындарын кесу қалдықтарынан уақтылы тазаламағаны, кеспеағаштар мен кеспеағаштарға іргелес жатқан аумақтарды бүлдіргені үшін жауапкершілік деңгейін арттыруға бағытталған.
Заң жобасының нормалары Қылмыстық және Қылмыстық-процестік кодекстерінде:
- ағаштар мен бұталарды заңсыз кесу, жою немесе бүлдіру, жер қойнауын өз бетінше пайдалану үшін жауаптылық деңгейін арттыруға;
- ерекше қорғалатын табиғи аумақтар режимін бұзу, жердің бүлінуі, жер қойнауын өз бетінше пайдалану және ағаштар мен бұталарды заңсыз кесу, жою немесе зақымдау кезінде аса ауыр зардаптар үшін оларға сай келетін жауаптылықты белгілеуге;
- төтенше экологиялық жағдай аймақтарында және экологиялық апат аймақтарында жерді бүлдіргені үшін тең мәнді құқықтық режимді бекітуге бағытталған.