
Заң жобасының реттеу саласы жабайы өсімдіктерді, олардың популяцияларын және олар үшін табиғи жағдайда өсетін қауымдастықтарды, генетикалық қорды сақтау мақсатында арнайы жағдайларда ұсталатын олардың бөліктерін, сондай-ақ жасыл желектерді қамтитын болады.
«Өсімдіктер дүниесі туралы» заңды қабылдау:
1) құқықтық аспектіде - қолданыстағы заңнамадағы олқылықтар мен қайшылықтарды жою және өсімдіктер дүниесін қорғау, молықтыру және пайдалану мәселелерін реттеу;
2) әлеуметтік – экономикалық аспектіде-халықты жұмыс орындарымен қамтамасыз ете отырып, шағын және орта бизнесті дамыту үшін жаңа мүмкіндіктер жасау көзделеді.