
Ағымдағы жылдың 25 желтоқсан күні «Охотзоопром» ӨБ» РМҚК инспекторлары мен құқық қорғау органдарының бірлескен рейдтік іс-шаралары кезінде Ұлытау облысы Жаңаарқа ауданы Қызылжар кентінде түскен ізі арқылы іздестіру нәтижесінде жер үйдің бірінің жазғы ас үйінен (летняя кухня) киікке ұқсас 2 жануардың еті,терілері, бастары табылды.
Аталған факт бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Естеріңізге сала кетейік, желтоқсан айының 1 мен 31 аралығында Республика бойынша кең ауқымды «киік» табиғат қорғау акциясы өтуде. Оған «Охотзоопром» ӨБ» РМҚК-ның 224 инспекторы, сонымен қатар Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің аумақтық бөлімшелері мен құқық қорғау органдары қызметкерлерінен тұратын мобильдік топтар қатысуда.
Киіктерді заңсыз аулаған үшін мүлкі тәркіленіп, 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылу жазасы қарастырылған.