
Бүгін Қазақстан Республикасы Парламент Сенатының жалпы отырысында Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Әлия Шалабекова "Өсімдіктер дүниесі туралы" заң жобасын ұсынды.
Вице министр, қазіргі уақытта қолданыстағы Орман кодексімен және «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» және «Жайылымдар туралы» заңдармен ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерде және мемлекеттік орман қорында, оның ішінде ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда өсімдік дүниесін қорғау, сақтау, қалпына келтіру және пайдалану мәселелері реттелгендігін атап өтті.
Сонымен қатар, ол өз сөзінде қосалқы жер қорында ілеспе өсімдік дүниесіне байланысты дәрілік өсімдік шикізаты, көпжылдық екпелер, генетикалық және өзге де өсімдік ресурстары сияқты мәселелер заңнамамен реттелмегендігін алға тартты.
Осыған байланысты өсімдік ресурстарын тиімсіз пайдалану, олардың өсу орындарын жою, адам енгізген бөтен түрлермен жергілікті өсімдіктердің ығысуы орын алуда. Нәтижесінде өсімдіктердің әртүрлілігінің төмендеуіне және табиғи экологиялық жүйелердің деградациясына әкеледі.
«Заң жобасының реттеу саласы жабайы өсімдіктерді, олардың популяцияларын және олар үшін табиғи жағдайда өсетін қауымдастықтарды, генетикалық қорды сақтау мақсатында арнайы жағдайларда ұсталатын олардың бөліктерін, сондай-ақ жасыл желектерді қамтитын болады», - деп атап өтті Әлия Лазарқызы.
🔹 «Өсімдіктер дүниесі туралы» заңды қабылдау:
1) құқықтық аспектіде - қолданыстағы заңнамадағы олқылықтар мен қайшылықтарды жою және өсімдіктер дүниесін қорғау, молықтыру және пайдалану мәселелерін реттеу;
2) әлеуметтік – экономикалық аспектіде-халықты жұмыс орындарымен қамтамасыз ете отырып, шағын және орта бизнесті дамыту үшін жаңа мүмкіндіктер жасау көзделеді.