
Тәуелсіздік күні қарсаңында облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциялары елімізде құрастырылған JAC S5 маркалы жаңа қызметтік автокөліктеріне ие болды. 13-14 желтоқсан күндері 24 кроссовердің кілті табысталды.
"Еліміздің өңірлерінде табиғат қорғау, браконьерлікпен күрес бойынша тиімді жұмыс жасау үшін, сенімді және заманауи техника мен жабдық қажет. Осыған орай, Экология министрлігі ведомстволық бағынысты ұйымдардың материалдық-техникалық базасын одан әрі нығайту жөнінде шаралар қабылдауда", - деп атап өтті Комитет төрағасының орынбасары Ерлан Құтпанбаев.
Жыл соңына дейін тағы 24 бірлік автокөліктің кілтін беру жоспарлануда.