«Ақжайық» резерватында қамыс өртенуде

«Ақжайық» резерватында қамыс өртенуде

«Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерваты аумағының 44; 49 кварталында а.ж. 2 желтоқсанынан бастап белгісіз себептермен қураған қамыстардың өртенуі орын алуда,  Каспии теңізіне жартылай мұз қатуы, өрт ораған аумаққа баруды қиындатып тұр.

Қазіргі уақытта әліде қамыс қопалары (торфяник) жанып жатыр.

Резерват қызметкерлері сөндіру жұмыстарын үздіксіз жүргізуде-оған Резерват тарапынан 4 техника, 25 қызметкер тәулік бойы кезектесіп, сонымен қатар Атырау қалалық өрт сөндіру басқармасының 20 өрт сөндіруші 3 техникамен жұмыс жасауда.

Мезгілге, сонымен қатар аумақтың сулы- батпақты болуына байланысты өртенген территорияда жабайы жануарлар мен құстар жоқ.

Осы күнге «Ғарыш Сапары» мамандарының берген ақпараты бойынша 732,9 га аумақтың қамысы өртенген.

Өрт болып жатқан аумақ тәулік бойы толықтай бақылауда.