Н. Н. Қылышбаев "Семей орманы" резерватына жұмыс сапарымен барды

Н. Н. Қылышбаев "Семей орманы"  резерватына жұмыс сапарымен барды

 Жұмыс тобының құрамында төрағаның орынбасары Е.Н. Құтпанбаев, "Абай облысы бойынша облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы" РММ басшысы М. М. Елемесов болды.

Сапар барысында танысу және кері байланыс мақсатында жұмыс тобы табиғатты қорғау мекемесінің қызметкерлерімен кездесу өткізді, резерваттың бірқатар өзекті мәселелері талқыланды.

Кездесу еркін диалог форматында өтті-резерват қызметкерлері жұмыс тобының мүшелеріне өздерін қызықтырған сұрақтарын қоя алды.

"Семей орманы" бас директорының м.а. Болат Бердікенов басшылық алдында баяндама жасап, оның барысында мекеменің қызметі туралы қысқаша айтып берді.

Кездесу соңында топ резерват аумағын аралады.