Н.Н.ҚЫЛЫШБАЕВ ЖҰМЫС САПАРЫМЕН ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНДА БОЛДЫ

Н.Н.ҚЫЛЫШБАЕВ ЖҰМЫС САПАРЫМЕН ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНДА БОЛДЫ

2022 жылдың 5-6 желтоқсан күндері Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің төрағасы Қылышбаев Нұрлан Наурызұлы Қызылорда облысында жұмыс сапарымен болды.

Алдымен төраға Қызылорда облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының және «Охотзоопром ӨБ» РМҚК-ның Қызылорда өңірлік филиалының қызметкерлерімен кездесіп, ұсыныс-пікірлерін тыңдады.

Мұнан соң, «Қазақстан Республикасының ландшафтарын қалпына келтіру жобасы» шеңберінде шаһардың айналасына 3000 гектар жасыл екпелер құру жобасы бойынша 2022 жылы атқарылған жұмыстармен танысты.

Сондай-ақ сапар барысында «Республикалық орман селекциялық тұқым өсіру орталығы» РММ Оңтүстік-батыс филиалының жұмысымен де танысып, биыл алынған керекті техникаларды (21 трактор, 20 тұқым сепкіш, 2 УАЗ автокөлігі) және жаңадан салынған ангарды, сексеуіл тұқымының сақталу барысында көрді.

Сапар аясында Нұрлан Қылышбаев
Арал теңізінің құрғаған ұлтанында жүргізіліп жатқан жұмыстармен танысу үшін теңіз ұлтанына барды.

Комитет төрағасы ұлтандағы орманшылармен кездесіп, олардың қызмет барысымен, материалдық техникалық базамен және орманшылардың сексеуіл егу механизмдерімен танысты.

Айта кетейік, Арал, Қазалы және Қармақшы орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемелерімен сексеуіл тұқымын себу жұмыстары жүргізілуде.