
2022 жылдың 6 желтоқсан күні Батыс Қазақстан облысының құқық қорғау органдары және «Охотзоопром» ӨБ» РМҚК инспекторлары бірлескен кең ауқымды «Киік» табиғат қорғау акциясы аясында тексеріс жұмыстарын жүргізу барысында, Батыс Қазақстан облысы, Жәнібек ауданы, Жәнібек ауылының тұрғыны ұсталды. 28 жастағы азамат Жәнібек ауданы, Күйгенкөл ауылына қарасты Қарақұдық қыстағының далалық жеріне киік жануарының мүйізін жасырғаны белгілі болды.
Аталған факт бойынша ҚР ҚК-нің 339 бабы 2 бөлімі 5 тармағымен қылмыстық іс қозғалды.