
Ағымдағы жылдың 6 желтоқсан күні рейдтік іс-шаралар барысында Ұлытау облысының Жаңаарқа ауданы маңайында «Охотзоопром» ӨБ» РМҚК инспекторлары LADA Largus маркалы автокөлікті тоқтатты, көлік тізгінінде 1986 туған Қазақстан Республикасының азаматы болған. Тексеру барысында аталмыш ер адамның қару мен жарық құрылғысын пайдаланып, заңсыз аң аулағаны белгілі болды.
Автокөліктен қоянның ұшасы, тіркелмеген аңшылық қару және жарықтандыру құрылғысы табылды.
Аталмыш факт бойынша ҚР ҚК 337-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды (Заңсыз аң аулау).