ЕҚТА-да ғылыми қызметті жүргізу: Баянауыл ұлттық паркі және «Ертіс орманы» резерваты

ЕҚТА-да ғылыми қызметті жүргізу: Баянауыл ұлттық паркі және «Ертіс орманы» резерваты

2022 жылғы 18 қараша күні  ZOOM платформасында Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті өкілдерінің және табиғат қорғау мекемелерінің басшылығы мен ғылыми қызметкерлерінің қатысуымен ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда ғылыми қызметті жүргізуге қатысты "Баянауыл" МҰТП және «Ертіс орманы» резерватын тыңдау өткізілді.

Тыңдау барысында ерекше қорғалатын табиғи аумақ қызметкерлері қызметкерлері ғылыми қызметті жүргізу бойынша  баяндамалар мен презентациялар ұсынып, ғылымның әртүрлі бөлімдері мен бағыттары бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарының жоспарына сәйкес атқарылған жұмыстар талқыланды, мысалы:

"Баянауыл МҰТП дәрілік өсімдіктерін түгендеу";

"Саңырауқұлақтардың динамикасын және олардың ағаш түрлерінің өміршеңдігіне әсерін зерттеу";

"Екпелердің жай-күйіне мониторинг жүргізу және антропогендік факторлардың "Ертіс орманы" резерваты табиғи кешендерінің даму динамикасына әсерін зерттеу;

"Тұрақты есепке алу маршруттары мен алаңдарында жабайы жануарлар мен құстардың Қызыл кітапқа енген және индикаторлық түрлерінің тұрақты мониторингі мен есебін жүргізу".

Бұдан басқа, ғылыми қызметті жүргізу бойынша проблемалық мәселелер айтылды, оларды шешу жолдары қарастырылатын болады.