
2022 жылғы 11 қарашада ZOOM платформасында Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті өкілдерінің, сондай-ақ табиғат қорғау мекемелерінің ғылыми қызметкерлерінің қатысуымен Сайрам-Өгем ұлттық паркінің және Іле-Балқаш резерватының ғылыми қызметтерін жүргізуге қатысты тыңдау өткізілді.
Жиын барысында ЕҚТА қызметкерлері ғылыми қызметті жүргізу бойынша баяндама мен презентация ұсынып, ғылымның әртүрлі бөлімдері мен бағыттары бойынша жоспарға сәйкес атқарылған жұмыстар талқыланды, мысалы:
"Сайрам-Өгем МҰТП биоалуантүрлілігінің ұзақ мерзімді мониторингінің ғылыми негізі ретінде омыртқасыз жануарлардың индикаторлық және сирек кездесетін топтарының жай - күйін зерттеу";
"Сайрам-Өгем ұлттық паркінің флорасына мониторинг жүргізу және өсімдік түрлерінің жіктелуі
"Іле-Балқаш резерваты мен іргелес аумақтардың авифаунасы түгендеу, сирек кездесетін, жойылып кету қаупі төнген, жаһандық маңызы бар және негізгі құс түрлерінің таралуы мен саны";
" Іле-Балқаш резерватының сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген тұяқтылар мен негізгі аңшылық-кәсіпшілік сүтқоректілер популяциясының қазіргі жай-күйін бағалау және табиғат қорғау мекемесінің табиғи процестерге мониторинг жүргізуінәтижелерді табиғат шежіресіне бекіту.
Сондай-ақ, Іле-Балқаш резерваты бұқар бұғысын, құлан мен Тұран жолбарысын реинтродукциялау жөніндегі жұмыстарды жүргізуге қатысты ақпарат ұсынды
Бұдан басқа, ғылыми қызметті жүргізу бойынша проблемалық мәселелер талқыланды, оларды шешу жолдары қарастырылатын болады.