Қызыл кітапқа енген қарақұйрықты атқан браконьер ұсталды

Қызыл кітапқа енген қарақұйрықты  атқан браконьер ұсталды

2022 жылғы 15 қарашада рейдтік іс-шаралар барысында Жамбыл облысының Шу ауданында  "Охотзоопром "ӨБ" РМҚК инспекторлары 1991 жылы туған Қазақстан Республикасының азаматын ұстады.Одан 16 калибрлі  аңшылық мылтық пен қарақұйрық ұшасы тәркіленді.

Естеріңізге сала кетейік, қарақұйрық Қызыл кітапқа сирек кездесетін және жойылып кету қайупі төнген жануар ретінде енгізілген.

Аталмыш факт бойынша ҚР ҚК 337-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды (Заңсыз аң аулау).

Фото: oir.mobi