«Орман жолдары»

«Орман жолдары»

8 қараша күні Қазақстандағы ең үлкен ұлттық паркте жабдықталған  «Орман жолдары»  пилоттық туристік маршруты іске қосылды.

 Ашылу салтанатына Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті, Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасы (БҰҰДБ) , Катонқарағай ауданы әкімдігі өкілдері, Тарбағай ұлттық паркі, Батыс-Алтай қорығы басшылары қатысты.

Катон-Қарағай ұлттық паркінің Медведевка орманшылығында орналасқан туристік маршрут терииториясында ақпараттық көрсеткіштер,  парктің биоалуантүрлілігі туралы барлық ақпаратты қамтитын қарау алаңдары мен тақырыптық  аншлагтар Қазақстандағы БҰҰДБ  қолдауымен орнатылған.

 "Орман жолдары" туристік маршрутының  ұзындығы 30 шақырым. Оның аумағында ұлттық парктің тұқымбағы, конақ үйі, сонымен қатар Никитинка шатқалы  бар.

Аталмыш шара  «Катонқарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде туристік инфрақұрылымды дамыту» бойынша өткізілген семинар аясында іске-асырылды.