
Қараша айының 2-сі күні Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің төрағасы Н.Н. Қылышбаев, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар басқармасының басшысы Е.Т. Дүйсекеев «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерватына жұмыс сапарымен барды.
Сапар барысында Еркінқала және Дамбы ауылдық округтерінің тұрғындарымен кездесу өткізілді, онда ерекше қорғалатын табиғи аумақ төңірегіндегі сұрақтар талқыланды.
Сондай-ақ, «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерваты ұжымымен кездесу өтті, мекеме басшысы Н.Н. Каримов резерваттың тыныс тіршілігі мен атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндады, онда ЕҚТА-тағы қорғау, ғылыми, экологиялық ағарту қызметтері туралы айтылды. Сонымен қатар, қазіргі таңда резерваттың жұмысын ұйымдастырудағы мәселелер талқыланды.
Іс-сапар соңында Комитет өкілдері Жайық өзені арқылы «Шманөзек» және «Рыбаходный» каналдары бойымен резерваттың территориясын аралады.