
28 қазанда ZOOM платформасында Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті өкілдерінің және табиғат қорғау мекемесінің басшылығы мен ғылыми қызметкерлерінің қатысуымен ерекше қорғалатын табиғи аумақта ғылыми қызметті жүргізуге қатысты «Катон-Қарағай» ұлттық паркін тыңдау өткізілді.
Жиын барысында Катон-қарағай паркінің қызметкерлері ғылыми қызметті жүргізу бойынша баяндама мен презентация ұсынып, ғылымның әртүрлі бөлімдері мен бағыттары бойынша жоспарға сәйкес атқарылған жұмыстар талқыланды, мысалы:
"Катонқарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің жоғары тамырлы өсімдіктерінің биоалуантүрлілігі";
"Катонқарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген құс түрлерінің ұялары мен ұя салатын учаскелерінің мониторингі", сондай-ақ табиғат қорғау мекемесінің табиғи процестерге мониторинг жүргізуі және табиғат шежіресінде нәтижелерді бекіту туралы айтылды.
Бұдан басқа, ғылыми қызметті жүргізу бойынша проблемалық мәселелер талқыланды, оларды шешу жолдары қарастырылатын болады.