Алтын дала резерватына жұмыс сапары өтті

Алтын дала резерватына жұмыс сапары өтті

Ағымдағы жылдың 28 қазан күні ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Шалабекова Ә.Л., Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің төрағасы Қылышбаев Н.Н., Қостанай облысы аумақтық инспекция басшысы Қаркенов Р.Х. "Алтын Дала" мемлекеттік табиғи резерватына жұмыс сапарымен барды.

Іс-сапар барысында резерват ұжымымен  танысып,  мекеменің бірқатар өзекті мәселелері талқыланды.

Сондай-ақ жұмыс тобы  ерекше қорғалатын табиғи аймақтың күзет бөлімі инспекторларының қызметімен танысу мақсатында және "Қазақстандық биоалуантүрлілікті сақтау қауымдастығы" (АСБК) қоғамдық бірлестігінің құландарды жерсіндіру бойынша атқарып жатқан жұмыстарымен танысу үшін Ұлы-Жыланшық жер теліміне барып қайтты.