Ақтөбе облысында браконьерлер ұсталды

Ақтөбе облысында браконьерлер ұсталды

27 қазанда «Охотзоопром» РМҚК инспекторлары, «Сапсан» жедел тобының және Шалқар аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері бірлескен күзет іс-шараларын жүргізу кезінде, Шалқар ауданы Бозой ауылы, Тассай станциясы маңындағы Ащысай құдығы учаскесінде тұрғын вагон-үй  жанынан Toyota Land Cruiser 80 маркалы, мемлекеттік нөмірсіз автөлік ұсталды. Аумақты тексеру барысында  үш (екі жаңа және бір ескі) киіктің терісі мен еті табылды. Оқиға орнына Шалқар ауданы полиция бөлімінің жедел-тергеу тобы шақырылды.

Аталған факт бойынша қылмыстық іс қозғалды.