
Ағымдағы жылдың 27 қазан күні
ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Шалабекова А.Л., орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасы Қылышбаев Н.Н., Қостанай облысы аумақтық инспекция басшысы Қаркенов Р.Х. “Наурызым мемлекеттік табиғи қорығы” РММ-не іс-сапармен барды.
Бірінші кезекте Қарамеңді ауылының тұрғындарымен кездесу өткізілді, онда ерекше қорғалатын аумақ төңірегіндегі сұрақтар талқыланды.
Айта кету керек, қазіргі таңда Наурызым қорығында 64 қызметкер бар. Жұмыс тобы ұжыммен танысып, кездесу барысында мекеме директоры Қойлыбаев Д.Ғ. қорықтың тыныс тіршілігі мен атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндады, онда ЕҚТА-тағы қорғау, ғылыми, экологиялық ағарту қызметтері туралы айтылды.
Сонымен қатар, жұмыс тобы “Бұлақ соқпағы”, “Наурызым қарағайлы орманы” туристік маршраттарын аралады.
Іс-сапар соңында қазіргі таңда қорықтың жұмысын ұйымдастырудағы мәселелер талқыланды.
ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Ә.Л. Шалабекованың Қостанай облысы Қараменді ауылы тұрғындарымен кездесуі аясында қойылған сұрақтар тізімі
|
№ п/п |
Аты-жөні |
Сұрақтар |
|
Халықпен кездесу |
||
|
1. |
Сулеймен Бушенеев, Қараменді ауылының тұрғыны |
Ауылдық жерде тұратын болғандақтын, қосалқы шаруашылығымыз бар. Мал мен жылқы ұстаймыз. Олардың санының өсуіне байланысты аудан орталығының айналасында жайылымдық жерлер жетіспейді. Менің сұрағым: "Қорық аумағында мал бағуды ұйымдастыруға бола ма және оны шешудің жолдары бар ма?» |
|
2. |
Мұратбек Қарымсақов, Қараменді ауылының тұрғыны |
Біздің аумақ тұрғындары мал шаруашылығымен және егін егумен айналысады. Жыл сайын ауыл шаруашылығы құрылтайшыларының саны артып келеді, шөп көбірек қажет екені түсінікті. Менің сұрағым келесідей: "Қорық аумағында, мүмкін белгіленген учаскелерде шөп шабуға бола ма?» |
|
3 |
Қайрат Байділдінов, Қараменді ауылының тұрғыны |
Аудан аумағында көптеген көлдер бар. Неліктен қорық аумағында жергілікті тұрғындар үшін балық аулауға тыйым салынады және рұқсат алу мүмкін бе? |
|
4 |
Жұлдыз Өтегенова, Қараменді ауылының тұрғыны |
Қазіргі таңда қорықтарда, ұлттық парктерде және т.б. экотуризмнің даму қарқыны артып келеді. Ыстық күндері жеңіл көлікпен жүру мүмкін емес. Осыған байланысты туризмді дамыту, туристерге жағдай жасау үшін қорық аумағында асфальтталған жол салу мүмкін бе? |
|
5 |
Әбенова Гүлсім Есенғалиқызы, Науырзым аудандық мәслихатының хатшысы, аудандық мәслихаттың депутаты |
Бүгінгі таңда қорық қызметкерлерінің жалақысы өте төмен. Адамдар 60 000 теңгеге жұмыс істейді. Олардың жұмысы оңай емес. Менің сұрағым: ЕҚТА қызметкерлерінің жалақысын көтеру жоспарланған ба және қашан? Екінші сұрақ: туристік қызмет бойынша қандай жұмыстар атқарылады? Аймағымыз әдемі, көбірек туристерді тартқымыз келеді. |
|
Азаматтарды жеке қабылдау |
||
|
1 |
Нұртілеу Мағзұм, Науырзым қорығының мемлекеттік инспекторы |
Мен 2022 жылы оқу бітіріп, қорыққа жұмысқа орналастым. Бірақ Қараменді ауылында менің тұрғылықты жерім жоқ. Бұл мәселені шеше аласыз ба? |
|
2 |
Қайрат Байділдінов, Қараменді ауылының тұрғыны
|
Осы жылға дейін біздің ауданда ауылшаруашылық колледжі болды. Бұл колледжде механизатор, тракторшы, аспаз мамандары оқыды. 2020 жылы оқу орны жабылып, студенттер Әулиекөл аудандық колледжіне ауыстырылды. Алайды, оқу ғимараты, жатақхана, асхана, өндірістік бөлім, гараждар мен бокстар сол қалпында қалды. Аталмыш колледжді ашуға барлық жағдай бар. Менің сұрағым мынадай: Колледжді қайта ашуға мүмкіндік бар ма және орман шаруашылығы, механизатор мамандығын оқыту мүмкін бе? Себебі Науырзым қорығында мамандар жетіспейді. Мысалы, орман шаруашылығы қызметкерлері ғана емес, өртке қарсы іс-шараларда тракторшылар мен механизаторлар да қажет. |