Қазақстанда алғаш рет орман секторындағы ынтымақтастық жөніндегі Азия ұйымының (AFoCO) Ассамблеясы өтті

Қазақстанда алғаш рет орман секторындағы ынтымақтастық жөніндегі Азия ұйымының (AFoCO) Ассамблеясы өтті

AFoCO Ассамблеясының 7-ші сессиясы Алматыда 26-27 қазан күндері өткізілді. Іс-шараға 17-ге жуық Оңтүстік-Шығыс және Орталық Азия елдерінің өкілдері қатысты, оның ішінде Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің төрағасы Қылышбаев Н.Н.және ведомство қызметкерлері бар.

Ассамблеяның 7-ші сессиясы барысында қолданыстағы жобалар аясындағы техникалық мәселелер,  сондай-ақ зерттеулер мен әзірлемелер жүргізу арқылы мүше елдердің әлеуетін арттыру мәселесі талқыланды. Шараға қатысушылар орман шаруашылығы саласындағы жаңа технологияларды әзірлеу және оларды практикада қолдану бойынша тәжірибе алмасты. Сонымен қатар, орман саласы қызметкерлеріне оқыту бағдарламаларын жүргізу мен қатысушы елдер арасындағы ынтымақтастықтың әлеуетті бағыттары талқыланды.

Айта кету керек, Азия орман секторындағы ынтымақтастық ұйымының (AFoCO) бас кеңсесі Оңтүстік Корея астанасында орналасқан. Ұйым алғаш рет өз Ассамблеясын шетелде өткізді.