Жыл сайынғы тақырыптық диалогқа биыл 17 ел қатысты

Жыл сайынғы тақырыптық диалогқа биыл 17 ел қатысты

Ағымдағы жылдың 25 қазанында Алматы қаласында "Климаттың өзгеруінің салдарын жою үшін Азиядағы ормандардың жойылуын азайту және қалпына келтіру жөніндегі жаһандық күш-жігерді ынталандырудағы AFOCO рөлі" тақырыбында жыл сайынғы тақырыптық диалог өтті.

Аталған іс-шараға 17 елдің өкілдері қатысты. Қазақстан тарапынан орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасының орынбасары Ерлан Құтпанбаевтың төрағалығымен орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің қызметкерлері қатысты.

Тақырыптық диалогтың мақсаты - Азиялық ормандарды климаттың өзгеруіне сезімтал ету үшін климаттық әрекеттерді анықтау, сонымен қатар жеке сектордың жаңа мүмкіндіктерімен бөлісу және болашақ серіктестермен AFoCO ынтымақтастығының әлеуетті бағыттарын талқылау.

Іс-шара қорытындысы бойынша орман шаруашылығының кадрлық әлеуетін арттыру, сонымен қатар орман шаруашылығы қызметкерлерінің біліктіліктіліктерін арттыру курстарымен қамтамасыз етілетіні туралы айтылды.