Экология министрлігінде Республика күніне арналған салтанатты іс-шара өтті

Экология министрлігінде Республика күніне арналған салтанатты іс-шара өтті

Мерекелік іс-шарада саланың ардагерлері мен үздік қызметкерлеріне мемлекеттік және ведомстволық наградалар, құрмет грамоталары, сондай-ақ алғыс хаттар табыс етілді.

Комитетке қарасты "Сандықтау оқу - өндірістік орман шаруашылығы " орманшысы Шемонаева Алла Михайловна және "Охотзоопром" ӨБ РМҚК инспекторы Магданов Шоқан Нұрланұлы  «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды.

Айта кетейік, Мемлекет басшысының Жарлығымен бұл күн күнтізбеге ұлттық мереке ретінде қайта енгізіліп, Қазақстан тарихындағы маңызды күндердің біріне айналды. Дәл осы күні 1990 жылы Қазақ КСР Мемлекеттік Егемендігі туралы Декларация қабылданды.