Орман шаруашылығы әлеуетін арттыру

Орман шаруашылығы әлеуетін арттыру

Ағымдағы жылдың 20-21 қазанында Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасының орынбасары  Құтпанбаев Е.Н. Орталық Азия өңірі үшін орман шаруашылығындағы әлеуетті арттыру бойынша Азия орман ынтымақтастығы ұйымының (АФоКО) консультативтік семинарына қатысты.

Аталмыш жиынға ормандар мен орман секторында әлеуетті арттыру саясатын әзірлеуге жауапты Бутан, Қырғызстан, Моңғолия, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстанның мемлекеттерінің өкілдері  қатысты.

Консультативтік семинардың мақсаты - Бутан мен Моңғолияны қоса алғанда, Орталық Азия аймағының экожүйелері мен қоршаған ортасы Оңтүстік-Шығыс Азия сияқты басқа аймақтардан ерекшеленетінін ескере отырып, орман шаруашылығын басқару саласындағы неғұрлым өзекті мәселелерді негізге ала отырып, аталған елдер үшін арнайы оқу курсын әзірлеу болып табылады.

Семинар аясында Орталық Азия елдерінің басшылары AFoCO платформасы арқылы зерттеу желісін құруға шақырды және өңірлік тәсілдің маңыздылығын атап өтті.

Соның ішінде, Қазақстан табиғи апаттар мен климаттың өзгеруінің салдарымен күресте әлеуетті арттырудың, биоалуантүрлілік, орман ландшафттарын қалпына келтіру, орман өрттерін басқару және өртті ерте анықтау және т.б. мәселелердің маңыздылығын атап өтті, сондай-ақ осы мақсатты жүзеге асыру үшін әлеуетті консультанттар ұсынылды.

Консультативтік семинардың қорытындысы бойынша әлеуетті арттыру, оқытудың әлеуетті тақырыптары бойынша ситуациялық талдау матрицасы және Орталық Азия үшін әлеуетті арттыру бойынша ұжымдық ұзақ мерзімді іс-қимыл жоспары әзірленді.