
Ағымдағы жылғы 20 қазанда Жамбыл облысының Бесағаш шекара бөлімшесінің аумағында Қазақстаннан Қырғызстанға заңсыз қызыл кітапқа енген 9 сұңқар тұқымдас «ителгі» құсын алып өтпек болған белгісіз азаматтар ұсталды.
Қылмыстық құқық бұзушылық Жамбыл облыстық Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі инспекциясы мен «Охотзоопром» ӨБ» РМКК инспекторларының және құқық-қорғау органдарының және “Бесағаш” шекара бөлімінің қызметкерлерімен бірлескен жұмысының нәтежиесінде анықталды.
Қазіргі таңда аталған факт бойынша қылмыстық іс қозғалды.