
Бас ботаникалық бақтың Сирингарий коллекциялық учаскесіндегі алғаш рет күз мезгілінде бөртегүл гүлдеді. Айта кету керек, гүл ашқан бөртегүлдің сортты емес, жабайы түрі. Мамандар ерекше құбылыстың қазан айында орын алуын әдеттен тыс жылы ауа-райымен байланыстырады.
Естеріңізге сала кетейік, Бас Ботаникалық бақтағы бөртегүл коллекциясы Орталық Азиядағы жалғыз және Қазақстандағы ең ірі болып табылады. Қазіргі уақытта онда әлемдік және қазақстандық селекцияның 23 түрі мен 107 сорты бар. Оның ішінде 20-дан астам будандар мен көшеттерді Ботаникалық бақтың ғылыми қызметкерлері өсірді.