ЕҚТА-да ғылыми қызметті іске асыру

ЕҚТА-да ғылыми қызметті іске асыру

ЕҚТА-ның ғылыми қызметі бойынша кеңестерді өткізудің бекітілген кестесіне сәйкес ZOOM платформасында 2022 жылғы 12 қазанда Комитет басшылығының, қызметкерлерінің, сондай-ақ табиғат қорғау мекемелері "Көлсай көлдері" МҰТП, Іле-Алатау МҰТП және Алматы МӨЗ басшылары мен ғылыми қызметкерлерінің қатысуымен тыңдаулар өткізілді.

Кеңес барысында ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың ғылыми қызметтерін жүргізу бойынша баяндамалар мен презентациялар ұсынылып, ғылыми - зерттеу жұмыстарын жүргізу мәселелері талқыланды.

Ғылыми - зерттеу жұмыстарының жоспарына сәйкесғылымның әртүрлі салалары мен бағыттары бойынша жұмыстар жүргізілуде, мысалы:

"Флораның қазіргі жағдайы, атап айтқанда "Көлсай көлдері" МҰТП аумағында сирек кездесетін, жойылып кету қаупі төнген, эталондық және бағалы өсімдік түрлерінің мониторингі";

"Көлсай көлдері"МҰТП құстарының сирек кездесетін, жойылып бара жатқан және индикаторлық түрлері санының динамикасы;

"Көлсай көлдері"МҰТП омыртқасыз жануарлар фаунасының қазіргі жағдайы;

"Алматы мемлекеттік табиғи қорығындағы сұңқар-торғай биологиясы және экологиясы";

"Алматы мемлекеттік табиғи қорығындағы қар барысының экологиялық мониторингі";

"Сиверс алма ағашын зерттеу және сақтау (Malus sieversii Ledeb. M. Roem)"

" Іле-Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркіндегі ҚР Қызыл кітабына енгізілген сүтқоректілердің сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген түрлерінің кеңістіктік құрылымы мен экологиясының ерекшеліктері".

"Іле-Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркі" РММ орман питомниктерінде биоорганикалық тыңайтқыштарды қолданудың тиімді технологиясын әзірлеу".

"Іле - Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағындағы зиянкестердің инвазиялық түрлеріне орман-патологиялық мониторинг жүргізу».

Сонымен қатар тыңдау барысында ғылыми қызметті жүргізу бойынша проблемалық мәселелер, және олардың әрі қарай шешілу жолдары қарастырылды.