
Табиғат қорғау мекемелері қызметінің бағыттарының бірі өсімдіктер мен жануарлар дүниесін, экологиялық жүйелерді, мемлекеттік табиғи-қорық қоры объектілерін зерделеу және мониторингтеу бойынша ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру және жүргізу, оның ішінде табиғат шежіресін жүргізу, биологиялық әртүрлілікті, табиғи кешендерді зерттеу және сақтау мәселесі және т.б. болып табылады.
Қорықтарда, ұлттық парктерде және резерваттарда ғылыми қызметті жүргізумен танысу мақсатында ҚР ЭГТРМ орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі Комитетінің Төрағасы Н.Н.Қылышбаевпен 14.09.2022 жылы ЕҚТА ғылыми қызметі бойынша кеңестер өткізу кестесі бекітілді.
Кестеге сәйкес ZOOM платформасында Жоңғар-Алатау МҰТП, Алакөл МӨЗ, Бұйратау МҰТП және Қарқаралы МҰТП басшылығының, Комитет қызметкерлерінің, сондай-ақ табиғат қорғау мекемелерінің тікелей басшылығы мен ғылыми қызметкерлерінің қатысуымен тыңдаулар өткізілді.
Табиғат қорғау мекемесінің ғылыми қызметі ғылым саласындағы уәкілетті органмен келісім бойынша Комитет бекітетін ғылыми-зерттеу жұмыстарының жоспарларына (ҒЗЖ жоспарларына) сәйкес жүргізіледі.
Тыңдау барысында ғылымның әртүрлі бөлімдері мен бағыттары бойынша жоспарға сәйкес ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу мәселелері төмендегідей талқыланды:
«Жоңғар-Алатауы МҰТП аумағындағы мысықтәрізділердің экологиялық жағдайы»;
«Жоңғар-Алатауы МҰТП аумағында мекендейтін жәндіктерді түгендеу».
«Алакөл қорығының флорасы мен өсімдіктерін түгендеу»;
«Алакөл қорығының аумағындағы сүтқоректілердің фондық және индикаторлық түрлерінің кадастры»;
«Бұйратау МҰТП аумағындағы және оның қорғау аймағындағы Қызыл кітапқа енген құс түрлерінің экологиялық ерекшеліктері»;
«Бұйратау МҰТП аумағында кеміргіштер отряды мен қоян тәрізділер отрядының экологиялық мониторингі»;
«Қарқаралы МҰТП биологиялық әртүрлілік компоненттерінің мониторингі»;
«Қарқаралы МҰТП флорасын түгендеу» және т.б., сондай-ақ табиғат қорғау мекемелерінің табиғи процестер мониторингін жүзеге асыру және табиғат шежіресінде нәтижелерді тіркеу.
Сонымен қатар тыңдау барысында ғылыми қызметті жүргізу бойынша проблемалық мәселелер, және олардың әрі қарай шешілу жолдары қарастырылды.