
World Animal Day бүкіл әлемде 4 қазан күні аталып өтеді.
Бұл күнді жыл сайынғы мерекеге айналдыру туралы шешім 1931 жылы Флоренцияда (Италия) өткен қоршаған орта мен табиғатты қорғау Халықаралық конгресінде қабылданды.
Негізгі мақсаты - жұртшылықты қоршаған ортаны қорғау қажеттілігі туралы хабардар етіп тұру, жануарлар дүниесін сақтаудағы белсенділіктерін арттыру.
Қазақстанның жануарлар әлемі бай және алуан түрлі. Еліміздің аумағында омыртқалы жануарлардың 890 түрі мекендейді, оның ішінде: сүтқоректілер - 178, құстар - 500 (олардың 388 - і осында ұя салады), бауырымен жорғалаушылар - 49, қосмекенділер-13, балықтар-147 және дөңгелекауыздылардың 3 түрі бар.
Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ұйымдармен тұрақты түрде жұмыс жасайды, мемлекеттік деңгейде 4 халықаралық конвенция ратификацияланды. Комитеттің құрылымдық бөлімшелері, аңшылық шаруашылығы субъектілері, қоғамдық және ғылыми ұйымдар жануарлар дүниесін сақтау бойынша жүргізген іс-шараларыеың нәтижесінде жануарлар дүниесі санының жыл сайын өсуі байқалады.
Жануарлар дүниесін қорғау күнімен құттықтаймыз!